ҚАЗАҚША ҰЛ БАЛАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЕҢ ЕРЕКШЕ, ЗАМАНАУИ ЕСІМДЕР ТІЗІМІ ✅ | КАЗАХСКИЕ ИМЕНА МАЛЬЧИКОВ

Описание к видео ҚАЗАҚША ҰЛ БАЛАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЕҢ ЕРЕКШЕ, ЗАМАНАУИ ЕСІМДЕР ТІЗІМІ ✅ | КАЗАХСКИЕ ИМЕНА МАЛЬЧИКОВ

✅Комментарийге өзге де ерекше және өзіңізге ұнайтын ұл балалардың есімдерін жаза кетіңіз ✍️

📌Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбірі заманына сай, ел арасында кең таралған, заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін, кейбірі ежелгі есімдерді қояды.
Жаңа туған сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен адам болсын деген үмітпен ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға ат қоюға қолқа салады. Жастардың әке-шешесі, ата-әжесі тірі болған жағдайда сәбиге атты солар қояды. Үлкендердің айтқаны бұлжытпай орындалатындықтын, міндетті түрде солар ұсынған ат қойылады. Кейде жастармен келісе отырып, бала есімін үлкен кісілер таңдайды. Балаға есім үш күн ішінде берілуі құпталады.

Ауылдың беделді азаматы сәбиді қолына алып, азан шақырып, ағайын-туыспен бірге таңдалған есімді сәбидің құлағына қайталайды. Ежелде ақсүйек әулеттердің баласына есімді молда құран оқып, кітапқа қарап қойған екен.
Сәбиге ат қойғанда айтылуы қиын, қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін немесе айқайлап тұрған есімдерден аулақ болған жөн.
Есім адамның тағдырына, болмысына әсер ете ме деген сауал төңірегінде ғалымдар XX ғасырдан бері зерттеулер жүргізіп келеді. Соның негізінде адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда болған. Ғалымдардың зерттеуінше адам аты оның өміріне айтарлықтай әсер етеді екен, баланы неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, тұла-бойы да соған сәйкес көркемделе түседі.

#ұлбалаесімдері
#қазақшаұлбалаесімдері
#tulgatv

Комментарии

Информация по комментариям в разработке